18 жастағы қыз тоғызыншы қабаттың терезесінен құлады

1143
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/3yKSF0whorHPb2ToDcp6v6NaNSeSSWc3NjCuQhT9.jpg

Алматыда 18 жастағы қыз тоғызыншы қабаттың терезесінен құлап кеткен, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Кеше Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде 18 жастағы бойжеткен тоғызыншы қабаттың терезесінен құлап кеткен.

Бойжеткен ауруханаға жеткізілді.

Полиция департаменті бұл факті бойынша суицидке оқталу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. 

Қазір оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, пациентке түскен сәттен бастап өмірін сақтау мақсатында шұғыл хирургиялық көмек көрсетілген.

«Қазір науқас анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде жатыр. Оған толық көлемде реанимациялық және қарсышоктық шаралар жүргізілуде», — делінген басқарманың хабарламасында.

Ведомствоның дерегінше, қыздың жағдайы өте ауыр деп бағалануда.

댓글
기타 기사