Алғашқы ресми сапар. Көшербаев Лавровпен кездесті

1363
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/vytpNLFgYRcur8y3Oz9jPT3Rz5XFpXQTbgso2FBR.webp

Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Ресейге ресми сапармен барды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бағдарлама Мәскеудегі Белгісіз жауынгер бейітіне гүл шоғын қою рәсімінен басталды.

Сергей Лавров Ермек Көшербаевтың министр ретіндегі алғашқы ресми сапарын Ресейге жасауы екі ел арасындағы ерекше байланысты және серіктестіктің басымдығын көрсететінін айтты.

«Алғашқы ресми сапарыңызды Ресейге жасауыңыздың өзі көп нәрсені аңғартады. Ол – Ресей мен Қазақстан арасындағы серіктестік, одақтастық және интеграциялық өзара іс-қимылдың басымдығын айқындайды»,—деді Лавров.

Бүгін Қазақстан СІМ басшысы Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және өзге де салалардағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін жан-жақты талқылайды.

댓글
기타 기사