Алдымен маман туралы ойлау керек сияқты

1795
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/uEjAOO3SpDkj5L096lKTcVwWjQUeNHRRilWF13kn.jpg

"Сапарға шығарда үйінен ешқашан алысқа шықпаған жаннан кеңес сұрамаңыз". Ұлы Руми (менің еркін аудармам).

Тарихтың иірімі өте қызық болады. Алдын ала ел мен аймақ, әлемде ненің қалай болары, әдетте, адамдарға белгісіз.  Түрлі адам тізгінді ұстап жатады. 
Көп жағдайда ешбіреуі: "мен осыны білмейді екенмін" демейді. Керісінше, әдетте: "мен білем" деп шыға келеді.

Орталық Мәскеу болғандықтан, ТМД елдері басында соған қарап, "үлкен ағаның" әрекетін қайталаумен болды (олар да оқсатпады). Кейін, мүмкіндігінше, әркімнің өз "таңдауы", өз "әдеті" қалыптасты. Не керек, кешегі коммунист енді "демократия"  құратын болды. 

Кейін олар бұдан да тез шаршап қалатын болды. 

Себебі оның не екенін өздері де, жалпы, бізде көп ешкім білмейді. Сондықтан Балтық елдерінен басқасы "баяғы әнге басты..."

Балтық елдері Батыстан демократия мен құқықты, "заң билігін" білетін - түсінетіндерді елге шақыртып, соларға мемлекетті билетіп, түзеттіріп, өздері де кәдімгідей өсіп - өніп қалды. Сондықтан да "реформа", "жаңа", "әділ" деген сөздерді қолданғанда, алдымен маман туралы ойлау керек сияқты.

Біздің ТМД кеңістігінде, осы, мамандар жағы тапшы келеді ғой.  Н.Хрущев айтпақшы: "үйдегі аспаз әйелді ел билеуге қойсақ, бұл іс оның да қолынан келетін дүние-міс".

Оның ойынша, мұның ешқандай қиындығы жоқ...

Кейін өзін Л.Брежнев бастаған топ төңкеріп тастап, көп ұзамай КСРО - ның өзі де құрдымға кетті емес пе?! Яғни, оңай болмағаны...

Жалпы, мамансыз тағы да "баяғы ән" болмай ма?!

Осылай қайталана береді ғой...

댓글
기타 기사