Яна Легкодимованың өліміне қатысты жаңа деректер жарияланды

669
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/UxRj6IbaPUCwpx9uOli6GuE55bVF35cmni5frMqZ.jpg

Атыраудағы 23 жастағы Яна Легкодимованың өлімінің "жоспарлануы" әлеуметтік желілерде кеңінен талқылануда, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Іс бойынша басты айыпталушылардың жаңа хат алмасу үзінділері пайда болды.

«НеМолчи.kz» қоғамдық қоры сотталушылар арасындағы жаңа жазбаларды жариялады. Онда екі ер адамның қызды қалай өлтіруді жоспарлап, оның «бағасы» туралы сөйлескені көрініс тапқан. Фотода:

"Р.: «Адам өлтіру үшін саған қанша ақша керек?»
А.: «Көп, б...».
Р.: «Бағасын айтшы».
А.: «Бұл — гаражды жабдықтау сомасы"

Кейін әңгіме 500 мың теңге туралы жалғасын тапқан. Әзіл түрінде Audi 80 көлігін сатып алу жайлы сөз болған.

«Немесе жай ғана маған сыра сатып әпер...» — деп жазған А.

Қор оқиғаның толық уақыт кестесін де жариялады. Тергеу деректеріне сүйенсек, Яна 2024 жылдың 18 қазанында танысының қоңырауынан кейін үйінен шыққан. Курткасын алмастан кеткен ол үйіне қайта оралмаған. Соңғы рет оны сол танысының көлігінде көрген.

Сот процесі әлі жалғасып жатыр.

댓글
기타 기사