Қала басшысы өзін ұрған ҰҚМК төрағасына алғыс айтты

1270
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/joKDpldUzjEheioY54rDvod9MqlffhT7czRq9rKe.jpg

Қырғызстанның Манас қаласының мэрі Эрнисбек Ормоков телеарнаға берген сұхбатында Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасына өзін ұрғаны үшін алғыс айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл ақпарат 24.kg агенттігінде жарияланған.

Қала басшысы бұл туралы «Кабар» агенттігіне берген сұхбатында толығырақ айтып өтті. Оның сөзінше, дау 2 миллиард сом қаражаттың қала дамуына бөлінуінен кейін туындаған. Жергілікті депутаттар қаржының игерілуіне күмән келтірген.

"Біз зауыт, аурухана, IT-академия салып, жолдарды жөндеп, техника сатып алдық. Бірақ сол кезде депутаттар сенбеді. Кейін Қамшыбек Ташиев бізді шақырып,  ұрысты, тіпті ұрып жіберді. Біз ренжімейміз, керісінше, ризамыз. Демек, бір жерде қателескен шығармыз", – деді Эрнисбек Ормоков.

Шенеунік Ормоков Ташиевті «қатал әрі талапшыл басшы» деп атап, оның адалдығын жоғары бағалайтынын айтты.

댓글
기타 기사