Оксфорд университетінде өзбек тілі оқытылмақ

2084
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/mkWdKff2pTEsD1XboOeM7lWYufI5zcipbfULmd8b.jpg

Оксфорд университетінің «Азия және Таяу Шығыс зерттеулері» факультетінде өзбек және көне өзбек тілдері оқытылатын болды. Бұл туралы Өзбекстан президенті әкімшілігінің басшысы Саида Мирзиёева өзінің Telegram-арнасында жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол университеттен марапат алғанын және бұл марапатты Өзбекстан президентінің басшылығымен елдегі әйелдердің құқықтарын қорғау мен олардың мүмкіндіктерін кеңейту бағытында қол жеткізілген прогрестің мойындалуы ретінде қабылдайтынын атап өтті.

Сапар аясында Саида Мирзиёева Бодлиан кітапханасына да барып, ерекше әсер алғанын жеткізді. Онда Мирзо Ұлықбектің «Зидж Гургани» еңбегі, Әлішер Науаидың «Хамсасы», Хұсайын Байқараның «Диуан Хусайниі», сондай-ақ Бабыр әулеті дәуіріне тән миниатюралар мен өзге де бірегей тарихи жәдігерлер сақталған.

댓글
기타 기사