Полиция бекетіндегі адам өлімі. Министр Қарағандыдағы полицей ісін “ұят жағдай” деп бағалады

1408
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Cv1wloACp35O0b5yhWnSavHr1r3ShCOUCxln4Tvi.jpg

Қазақстанның ішкі істер министрі Ержан Сәденов Қарағандыдағы полиция бекетінен әйел адамның мәйіті мен ес-түссіз жатқан полицей табылған оқиғаны ұят жағдай деп атады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.

«Бұл жағдайды жақсы деп айтуға болмайды, бұл – ұятты іс. Полиция қызметкерінің атына күмән келетін жайт болса, ол өте өкінішті. Қазір осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Түрлі нұсқалар қаралып жатыр, істің толық тергелуін қамтамасыз етеміз. Бұл іс менің жеке бақылауымда. Әсіресе адам өлімі мен полиция қызметкерінің қатысы бар кезде бұл – өте ауыр жағдай. Сол себепті оқиға жайлы хабар түскен алғашқы минуттардан бастап бақылауға алынды, тергеу жүріп жатыр», – деді Сәденов.

Журналистер полицейдің есірткілік мас күйде болған-болмағаны туралы сұрағанда, министр «нұсқалар көп» деп қана жауап берді.

Еске сала кетейік, 1 қазан күні Қарағандыдағы полицияның тірек пунктерінің бірінен әйел адамның мәйіті және ес-түссіз жатқан полицей қызметкері табылғаны туралы жазған едік

댓글
기타 기사