АЭС атауына конкурс аяқталды. Атом агенттігі белсенділікті қолдау деп түсінді

1381
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/6BS6iPLWA4l2XAdR0BTOJ4QtTIXhGziiDDjsMjbl.jpg

Қазақстанның Атом энергиясы агенттігі елдің алғашқы атом электр станциясына атау беру бойынша ұлттық конкурстың аяқталғанын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Байқауға 27 мыңнан астам қазақстандық қатысып, өз нұсқаларын жолдаған. Конкурс 25 қыркүйекте сағат 12:00-де eGov Mobile қосымшасында басталып, 10 қазан күні 23:59-да аяқталды. Екі апта ішінде азаматтар мыңдаған атау нұсқасын ұсынған.

Агенттік өкілдерінің айтуынша, мұндай белсенділік қазақстандықтардың атом энергетикасына деген қызығушылығының жоғары екенін және ел үшін маңызды жобаны қолдауға дайын екенін көрсетеді.

Қазір агенттік ұсынылған атауларды талдау және жүйелеу жұмысын бастап кетті. Мамандар алдымен барлық нұсқаларды сараптап, біріктірілген есеп дайындайды. Кейін материалдар Конкурс комиссиясының қарауына жіберіледі.

Қазан айының соңында өтетін комиссия отырысында алғашқы қазақстандық АЭС-ке берілетін ең үздік атау анықталады. 

«Болашақ станцияның атауы еліміздің энергетика саласындағы жаңа кезеңнің символына айналады», – делінген агенттік мәлімдемесінде.

댓글
기타 기사