Халықаралық TurkicSkills-2025 чемпионатынан Қазақстан 6 алтын медаль жеңіп алды

3440
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/51AH8NDFCuebKGldujXH8GGL7cieV0xv1oghVNe5.jpg
I Халықаралық TurkicSkills-2025 кәсіби шеберлік чемпионаты өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы жарыстың басты жеңімпазы атанып, түркі елдері арасында техникалық және кәсіптік маман даярлауда көшбасшы екенін дәлелдеді, деп хабарлайды "Адырна".

Еліміздің жүлде қоржыны 6 алтын, 2 күміс медаль және 1 "Үздік медальонмен" толықты. 

Е4-9 қазан аралығында Ақтау қаласында Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткен TurkicSkills-2025 чемпионатына Түркия, Әзербайжан, Мажарстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстаннан 70-ке жуық колледж студенттері мен жас маман қатысты. Олар инженерия, ақпараттық технологиялар, өндіріс, робототехника және қызмет көрсету салаларын қамтитын 10 құзыреттілік бойынша бақ сынады.

Жарыстың жабылу рәсімінде сөз сөйлеген ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Асылбек Ахметжанов бұл чемпионаттың түркітілдес мемлекеттердің техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында Қазақстанның бастамасымен алғаш рет ауқымды түрде ұйымдастырылғанын атап өтті.

"TurkicSkills чемпионаты – түркітілдес мемлекеттер арасындағы техникалық және кәсіптік ұйымдар ынтымақтастығының жаңа кезеңіне жол ашатын маңызды шара. Бұл күндер достық пен өзара түсіністіктің, ынтымақтастық пен тәжірибе алмасудың жарқын үлгісіне айналды", – деп атап өтті вице-министр.

WorldSkills International кеңесінің мүшесі Рэй Инглиш Қазақстанның халықаралық деңгейдегі әлеуетін ерекше атап өтті.

"Чемпионатының ауқымы мен ұйымдастырылу сапасы – Қазақстанның әлемдік деңгейдегі кәсіби шеберлік сайыстарын өткізуге толық дайын екенін көрсетеді. Бұл тәжірибе болашақта WorldSkills немесе WorldSkills Europe сияқты халықаралық жарыстарды қабылдауға мүмкіндік береді", – деді ол.

Чемпионатты тамашалауға 5 мыңнан астам адам келді, колледждер мен кәсіпорындар арасында 100-ге жуық ынтымақтастық меморандумы жасалды.

댓글
기타 기사