Өзбекстан дәрігерлері сиам егіздерін ажыратты - БАҚ

1447
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/WcljXqqkJasNzHr3TV1meTeHQbovnu4hY4mKi9qR.jpg

Ташкентте дәрігерлер сиам егіздерін ажырату бойынша күрделі операция жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Азаттық радиосына сілтеп.

Бұл ақпаратты Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі таратты.

Сиам егіздері 33–34 аптада дүниеге келген. Дәрігерлер сәбилер туғаннан кейін небәрі 9 сағат өткен соң, бес сағатқа созылған хирургиялық операцияны сәтті аяқтаған.

БАҚ хабарлауынша, операцияны медицина ғылымдарының докторы, профессор, Республикалық перинаталдық орталық жанындағы Неонаталдық хирургия орталығының жетекшісі Бахтиёр Эргашевтің басшылығымен жоғары білікті мамандар тобы жүргізді.

Операция Шыршық қаласындағы Ана мен бала денсаулығының Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының Ташкент облыстық филиалында өтті.

Өзбекстан денсаулық сақтау министрі Асилбек Худаяров бұл оқиғаны отандық медицинаның дамуының жаңа деңгейге көтерілгенінің дәлелі деп атап өтті.

«Сиам егіздерін шұғыл түрде, аймақтық деңгейде сәтті ажырату — бұл өзбек медицинасының мүмкіндіктері кеңейіп келе жатқанын көрсетеді», — деді министр.

Операцияға қатысқан дәрігерлер тобына министр «Өзбекстан Республикасының денсаулық сақтау үздігі» төсбелгісін табыстады.

댓글
기타 기사