Төтенше жағдайлар министрлігінің «ННЦСНИ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 6 қазан күні Астана уақытымен 01:29-да жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Жер сілкінісінің эпицентрі Қырғызстан аумағында, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 465 шақырым қашықтықта орналасқан. Ошақтың тереңдігі – 10 шақырым, энергетикалық класы – 13,3, магнитудасы – MPV 5,9.
MSK-64 шкаласы бойынша Қазақстан аумағында жер сілкінісі 4 баллға дейін сезілген.
Тараз, Сарыкемер және Жуалы ауданының (Бауыржан Момышұлы ауылы) маңында – 4 баллға дейін;
Ленгер, Қаратау, Сайрам және Шымкент қалаларында – шамамен 3 балл;
Жанатас, Сарыағаш, Түркістан және Жетісай аудандарында – шамамен 2 балл болды.
Қирау мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.