Жиынға қала әкімінің құрылыс және сәулет саласына жетекшілік ететін орынбасарлары, облыстық және қалалық басқарма, бөлім басшылары, сәулетшілер, жобалаушы ұйым өкілдері мен инвесторлар қатысты.
Мәжілісте қала аумағындағы құрылыс және сәулет жобаларына қатысты 10 өзекті мәселе талқыланды. Атап айтқанда, 5 қабатты 8 блоктан тұратын тұрғын үй кешені, коммерциялық нысандар, қонақ үйлер құрылысы, мейрамхана мен SPA орталығы, жиһаз салоны және асханалар жобалары талқыланды. Сонымен қатар, қаладағы Рәміздер алаңын жандандыру мәселесі де кеңес мүшелерінің назарында болды.
Сондай-ақ, мәжіліс барысында «Turan» арнайы экономикалық аймағы» АҚ төрағасының міндетін атқарушы Нұрлан Серікқалиұлы, қалалық сәулет бөлімінің басшысы Мұхит Қадірұлы баяндама жасады.
Жиын соңында тиісті шешімдер қабылданып, ұсыныстар талқыланды. Алдағы уақытта да қала дамуы мен сәулеттік келбетін үйлесімді етуге бағытталған жұмыстар қарқынды жалғасатын болады.