Бір тәулікте АЭС атауына 10 мыңға жуық ұсыныс түскен

1443
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/6BS6iPLWA4l2XAdR0BTOJ4QtTIXhGziiDDjsMjbl.jpg

25 қыркүйек сағат 12:00-ден 26 қыркүйек сағат 12:00-ге дейін eGov Mobile қосымшасы арқылы Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясына атау беру бойынша 9 945 ұсыныс келіп түскен, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл деректі ҚР Атом энергиясы агенттігі мәлімдеді.

Конкурс 25 қыркүйекте басталған. Қатысушылар eGov Mobile қосымшасының басты бетіндегі «АЭС-ке өз атауыңызды ұсыныңыз» баннері арқылы ұсыныстарын жібере алады. Сондай-ақ пайдаланушыларға конкурс туралы push-хабарлама да жіберілген.

Инициативаның мақсаты – болашақ станцияның тарихи, мәдени және ұлттық маңызын бейнелейтін атауды таңдау. Байқауға Қазақстанның әрбір азаматы қатыса алады. Ол үшін қосымшада тілді таңдап, өз нұсқасын енгізіп, қажет болса мағынасын түсіндіріп, ережелермен танысқанын растау жеткілікті.

Ұсыныстарды қабылдау 2025 жылғы 10 қазан сағат 23:59-ға дейін жалғасады. Толық ережемен ҚР Атом энергиясы агенттігінің ресми сайтында және әлеуметтік желілерінде танысуға болады.

댓글
기타 기사