Мұхтар Мағауиннің қабіріне туған жерінің топырағы жеткізілді

1297
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/kSv9j0nk8Jmq1vHeoSeytvBSdsM5CKjyGVrSeaRb.jpg

Вашингтонда жерленген қазақтың  жазушысы Мұхтар Мағауиннің қабіріне арнайы зиярат жасалып,туған жерінің топырағы жеткізіліп,  құран бағышталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жазушының ұлы Едіге Мағауин Қазақстандағы ата-бабалары жерленген Абай облысы, Шұбартау ауданындағы Босаға өлкесінен апарылған топырақ пен жусанды ырымдап, әкесінің қабіріне қойды. 

Зиярат рәсіміне Вашингтондағы Kazakh American Association мүшелері қатысты.

Зияраттан кейін Едіге Мағауиннің үйінде еске алу жиыны өтіп, құран оқылды. Жазушының кабинеті мен кітапханасы әлі де сол қалпында сақталған. Тұрған үйін мұражайға айналдыру жұмыстары жүргізілуде. Жиында атамыздың өмірі мен шығармашылығы жайлы естеліктер айтылды.

Әңгіме барысында Мұхтар Мағауиннің 2022 жылы сырқаттанып жатып, «жазып жатқан кітабымды аяқтауға үш жыл өмір берші» деп дұға еткені, ақырында еңбегін 2024 жылдың күзінде аяқтап, 2025 жылдың қаңтарында, 85 жасқа толуына бір ай қалғанда өмірден өткені еске алынды.

Бұған дейін Мағауиннің АҚШ-тағы қабірінен алынған бір уыс топырақ Қазақстанға жеткізіліп, бабаларының қасына қойылған болатын.

댓글
기타 기사