Тым ұзақ. Трамптың New York Times газетіне қарсы шағымы қабылданбады

1366
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/OuaFgS2QGUVN1p44h5lPBxOwJrNSDDGux7mTfOlb.webp

Флоридадағы сот АҚШ президенті Дональд Трамптың New York Times газетіне қарсы берген миллиард долларлық талап арызын уақытша қанағаттандырмады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы KAZINFORM-ға сілтеме жасап.

19 қыркүйекте судья Стивен Мерридей 85 беттен тұратын шағымның «тым ұзақ» әрі процессуалдық талаптарға сай емес екенін айтқан.

Апта басында Трамп газетті және бірнеше журналисті «жала жапты» деп айыптап, оларды 2024 жылғы сайлау алдында әдейі беделін түсіруге әрекет жасады деп мәлімдеген болатын. Ол келтірілген шығынды 15 миллиард доллар деп бағалаған.

New York Times редакциясы бұл айыптауларды негізсіз деп, талап арызды «тәуелсіз журналистиканы басып-жаншу әрекеті» деп атады. Газет өкілдерінің айтуынша, басылым қорықпай жұмысын жалғастыра береді және журналистердің конституциялық құқықтарын қорғауды жалғастырады.

Бұл Трамптың америкалық ірі БАҚ-тарға қарсы алғашқы заңды әрекеті емес. Бұған дейін ол CBS және ABC компанияларына да шағым түсіріп, нәтижесінде миллиондаған долларлық келісімдер жасалған. Ал сыншылар саясаткердің мұндай қадамдарын «баспасөз бостандығына жасалған қысым» деп бағалап отыр.

댓글
기타 기사