Зейнетақы есебінен тіс емдеу. Депутат министрліктің бастамасына қарсы шықты

1216
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/flxc4IAdOZuTaDKRc9dFlae3qmySuRymloYiMQAU.jpg

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған зейнетақы жинақтарын стоматологиялық қызметтерге төлеу мүмкіндігін алып тастау бастамасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол мұндай тыйымның азаматтардың құқықтарын шектейтінін жеткізді.

«Тіс емдеу сылтауымен ақшаны шығарып алған алаяқтық, айлакерлік фактілері бар. Менде "Отбасы банкінен" алынған материалдар бар. Өте көп миллиард шығарылған. Енді бұл тәжірибені толық тоқтатқысы келеді. Бұл дұрыс емес. Қылмыстық істер қозғаңыздар, жауапкершілікке тартыңыздар. Қатысы бар клиникалар мен стоматологияларды тексеріп, лицензияларын қайтарып, мекемелерді жабу керек»,–деді депутат Мәжіліс кулуарында.

Бақытжан Базарбек азаматтардың зейнетақы жинақтарының артығын тіс емдеуге пайдалану құқығынан айырылмауы қажет екенін ерекше атап өтті. Сондай-ақ ол Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігі жан-жақты тергеу жүргізуі тиіс екенін айтып, бұл процеске өзі де жеке қатысуға әзір екенін білдірді.

Еске салайық, бұған дейін «Отбасы банк» Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаражатты стоматологиялық қызметтерге пайдалану үшін өтінім қабылдау уақытша тоқтатылатынын айтқан еді.

댓글
기타 기사