Ұлттық ұланның бұрынғы жауынгері күдікке ілінді. Жамбылда жасөспірім сәбилі болды

708
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/B1zHp0WkdY5GP8zl2PltbQGQLsKsb0fqmMELv9cl.png

Жамбыл облысында 15 жастағы кәмелетке толмаған қыз сәбиін дүниеге әкелді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Todayinfo.kz-ке сілтеп.

Бұл оқиғаға қатысты бұрынғы Ұлттық ұланның қатардағы жауынгері күдікке ілініп отыр.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, заңбұзушылық өңірдегі оқу орындарының бірінде жүргізілген профилактикалық іс-шара кезінде анықталған. Ақпарат белгілі болғаннан кейін тексеріс жүргізіліп, Қылмыстық кодекстің «16 жасқа толмаған тұлғамен жыныстық қатынасқа түсу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі таңда күдікті — Ұлттық ұланның бұрынғы жауынгері. Тергеу басталған. Алайда оның қамауға алынғаны немесе бостандықта жүргені әзірге нақтыланбаған.

Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

댓글
기타 기사