10 адам қаза тапты. Маңғыстауда ірі жол апаты болды

1183
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/8srsDV5dUtebJMGFk3LBHQb7w6113p8actG1CbR0.jpg

Маңғыстау облысының Қарақия ауданында ірі жол-көлік оқиғасы болып, 10 адам көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне желідегі парақшасында жариялаған.

Қайғылы оқиға 11 қыркүйекте Сенек ауылынан 90 шақырым қашықтықта тіркелген.

Ресми мәліметке сәйкес, «Toyota Hiace» маркалы автокөліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік жол шетіне аударылып кеткен. Апат салдарынан сегіз адам оқиға орнында көз жұмса, тағы екеуі ауруханаға жеткізу барысында қайтыс болған.

Жүргізуші мен екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, қажетті сараптамалар тағайындалды. 

댓글
기타 기사