Астанада Ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш тақтадағы «голодомор» сөзі «голод» деп түзетілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Orda.kz-ке сілтеп.
Бұл өзгеріс белсенді Әлімжан Ізбасаровтың жеке шағымы негізінде жасалғанын Threads-тегі «Қызыл отау» парақшасында хабарланған.
Бұған дейін тақтайшадағы «голодомор» термині қолдан жасалған ашаршылықты білдіретіні айтылған.
Жазбаға сәйкес, «голод» сөзі аштықты жалпы құбылыс ретінде сипаттап, оның әдейі ұйымдастырылғанын жоққа шығарады.
«Голодомор – Кеңес үкіметінің қасақана халықты ашаршылық арқылы қырып тастауын білдіретін, шындыққа еш қатысы жоқ үгіт-насихат... Біз ашаршылықты және оның құрбандарын жоққа шығармаймыз. Бірақ мұның әдейі жасалғанын немесе толығымен Кеңес үкіметінің кінәсі екенін мойындай алмаймыз», – делінген жазбада.
