СҚО-да жол апатынан екі полиция инспекторы қаза тапты

1077
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/5DwqSmOiYHjVrHznrZKUhTEKFOp9LEGoDfVLEbiU.jpg

Солтүстік Қазақстан облысында қызметтік міндетін орындап жүрген екі учаскелік полиция инспекторы жол-көлік апатынан көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

2025 жылғы 6 қыркүйекте Чистополь – Шөптікөл автожолында Chevrolet Cobalt пен Toyota Camry көліктері соқтығысқан. Салдарынан екі адам оқиға орнында қаза болды.

СҚО Полиция департаментінің дерегінше, марқұм болған полицейлер қызметтік міндетін атқарып жүрген және мас күйде болмаған. Апат фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Жол апатынан полиция майоры Владимир Синицын мен полиция аға лейтенанты Даулетхан Қазыхан қайтыс болды.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов қаза болған қызметкерлердің туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Ол марқұмдардың отбасына қажетті көмек көрсетілетінін және олардың есімдері ішкі істер органдарының жадында мәңгі сақталатынын атап өтті

댓글
기타 기사