Блогерлер соты. Ерболат Жанәбілов ұтыс ойынынан қанша пайда тапқаны есептелді

1069
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/bw2HJH8T6PdNO6g9Sfu11MCm27LUMYNKVvge6WSm.jpg

Астанада блогер Ерболат Жанәбілов ісіне қатысты сот отырысы өтті. Судья Малика Ноғайбекова одан ұтыс ойынына қанша адам қатысқанын сұрады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жанәбіловтің айтуынша, конкурс 21 тамызда басталған және әлі де жалғасып жатыр. Себебі барлық көлік ойнатылып біткен жоқ. «Шамамен 5–6 мың қазақстандық қатысты. Қазірге дейін сегіз көлік ойнатылды», – деді ол.

Блогерлер 30 мың теңге тұратын Zhana Business ақылы курсына сілтеме жариялаған. Тек сол курсты сатып алғандар арасынан 10 Hyundai Elantra автокөлігі ойнатылатыны айтылған.

Сонымен қатар 24 iPhone смартфоны да ұтысқа тігілген. Смартфон орнына ақша таңдағандарға блогер 350 мың теңгеден төлеген.

10 автокөліктің жалпы құны – 100–150 млн теңге, 24 iPhone – шамамен 8,4 млн теңге. Барлық сыйлық қоры – 108,4–158,4 млн теңгені құрайды.

Болжам бойынша, Жанәбіловтар ұтыстан 21,6–71,6 млн теңге пайда табуы мүмкін. Кей нұсқада тіпті шығынға батуы да ықтимал.

Жанәбілов отырысқа әйелі мен адвокаттарымен бірге келді. Кейін әйелі Эльмира Төлегенова залдан шығарылып, куәлік беруден бас тартты.

Адвокат Олег Чернов прокурорды сотқа шақыруды сұрады. Іс 15 қыркүйекте қайта қаралады.

댓글
기타 기사