Жаяулар көпіріне шыққан көлік. Жүргізуші 10 күнге қамалды

1792
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/O5F0zz5BOnZIWjQZesUyeqxCEBwqM7d9yFrxzYO7.jpg

Астанада Hyundai автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер көпіріне кіріп кеткені үшін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.

Оқиға 1 қыркүйек күні болған. Hyundai Accent көлігін тізгіндеген жүргізуші Атырау көпіріне кіріп, жол жүру ережелерін бұзып, айналасындағыларға құрметсіздік танытқан.

“Полиция ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстің 434 және 437-баптары бойынша іс материалдарын жинаған. Арнайы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот бұл жас жігітке 10 тәулік әкімшілік қамау жазасын тағайындады”, делінген хабарламада.

Полиция департаменті мұндай әрекеттердің қауіпсіздікке қатер төндіріп, қоғамдық тәртіпті бұзатынын атап өтті. Жыл басынан бері елордада ұсақ бұзақылық пен вандализм үшін жүзден астам адам жауапқа тартылған.

댓글
기타 기사