«Хайп қуған» деректер. Ақпарат министрі жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды

1675
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/anao8AhA62kSyIAJu0i1k3Z61mSCXn5svooyZgCD.jpg
Мәдениет және ақпарат министрі ҰҚК басшысы мен СІМ ұсталғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Министр Facebook парақшасында пост жариялап, БАҚ өкілдеріне ескерту жасады.
"Кейбір ресми БАҚ пен анонимді телеграм-арналарда мемлекеттік қызметшілердің ұсталуына қатысты расталмаған ақпарат таралуда.
Ақпарат таратқанда оның шынайылығын тексеру міндетті. Кінәсіздік презумпциясы қағидасы және журналистік этика бар екенін естен шығармау қажет.
Көбіне расталмаған «хайп қуған» деректерге еремін деп, журналистер мұндай мәлімет азаматтарға және олардың жақын туыстарына зиян тигізуі, ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіруі, жала болып шығуы мүмкін екенін есте ұстауы тиіс.
Әріптестерді кәсіби БАҚ пен журналистер сақтауға тиіс міндеттемелерді орындауға шақырамын. Сондай-ақ, жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік әрі қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске саламын", - делінген министр Балаеваның хабарламасында.
Айта кетейік, ҰҚК басшысы мен сыртқы істер министрінің ұсталғаны туралы жалған ақпарат БАҚ беттерінде тараған еді.
댓글
기타 기사