«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы қарсыластары анықталды

1711
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/dVknIuHIKxhQKBSHJUwVZsHjOOY7A9ujMRT14tI5.jpg

Бүгін Монакода UEFA Чемпиондар лигасының жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қайраттың» бірінші қарсыласы — испаниялық «Реал Мадрид» клубы. Қазақстандық және испандық клубтар арасындағы кездесу Алматыда өтеді.

«Қайрат» екінші қарсыласы миландық «Интер» клубымен сыртта жолығады. Одан бөлек, алматылық клуб Арсенал (қонақта), Брюге (үйде), Олимпиакос (үйде), Спортинг Лиссабон (қонақта), Пафос (үйде) және Копенгагенмен  (қонақта) ойын өткізеді.

УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезең матчтары 16 қыркүйектен 28 қаңтарға дейін өтеді. Нақты күнтізбе алдағы күндері жарияланады.

1–8 орын алған командалар тікелей 1/8 финалға жолдама алады. 9–24 орын алғандар екі матчтан тұратын плей-офф кезеңінде ойнайды, жеңімпаздар да 1/8 финалға өтеді. 25–36 орын алған командалар толықтай еурокубоктан шығып қалады.

Айта кетейік, «Қайрат» тарихта алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде ойнайды. Іріктеу кезеңінде клуб «Олимпия» (қос матч қорытындысы бойынша 3:1), «КуПС» (камбэкпен 3:2), «Слован» (1:1, пенальти сериясында 4:3) және «Селтикті» (0:0, пенальти 3:2) жарыстан шығарған еді.

 

댓글
기타 기사