Салтанат Нүкенованың ісі. Бишімбаевтың інісі Байжановқа рақымшылық жасалды

1778
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/YV7jNowa5MHFNavoXNz6ROX3gOeeCNYg3Y8nVJNx.jpg

Қазақстанда Ұлттық экономика министрлігінің бұрынғы басшысы Қуандық Бишімбаевтың туысы, Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты қылмытық іс бойынша сотталған Бақытжан Байжановқа рақымшылық жасалды. Бұл туралы Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.

Мәліметке сәйкес, сот қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің жазаны қысқарту туралы ұсынысын қанағаттандырған.

«Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына орай рақымшылық жасау туралы заңға сәйкес, сотталған Б.-ға қатысты өтелмеген жаза мерзімі үштен бірге қысқартылып, түпкілікті өтеу мерзімі 1 жыл 4 ай 17 күн деп белгіленді», – делінген соттың хабарламасында.

Осылайша, Бақытжан Байжанов түрмеден 2026 жылғы қарашада бостандыққа шығады. Ал бастапқы үкім бойынша ол 2027 жылғы шілдеде бостандыққа шығуы тиіс болған.

Сот өкілдері экс-министрдің туысынан өндірілген мәжбүрлі төлемдер мен процестік шығындардың толықтай өтелгенін нақтылады.

Еске сала кетейік, Ұлттық экономика министрлігінің бұрынғы басшысы Қуандық Бишімбаевтың азаматтық жұбайы Салтанат Нүкенованы өлтіру ісі бойынша сот процесі өткен жылдың мамырында аяқталған болатын. Экс-шенеунікке ерекше қатыгездікпен кісі өлтіру және азаптау айыбы тағылып, ол 24 жылға бас бостандығынан айырылған.

Бұл іс бойынша басты айыпталушымен қатар оның інісі Бақытжан Байжанов та сотталды. Ол қылмысты жасыру бабы бойынша 4 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

댓글
기타 기사