Түркістанда бір жасар бала даладағы әжетхана шұңқырына құлап кетті

915
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/3yKSF0whorHPb2ToDcp6v6NaNSeSSWc3NjCuQhT9.jpg

Түркістан облысында бір жасар сәби үй ауласындағы дала дәретханасының терең шұңқырына құлап кеткен, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оқиғаны байқап қалған ересектер баланы өз күштерімен шығара алмаған. Жедел түрде көмекке төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары шақыртылды.

Құтқарушылар арнайы техника мен арқанның көмегімен шұңқырға түсіп, сәбиді аман-есен сыртқа шығарды.

Жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнына келіп, баланы тексеріп, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі таңда бүлдіршіннің жағдайы тұрақты.

댓글
기타 기사