Армения мен Әзербайжан АҚШ-та бейбітшілік келісіміне қол қояды

1034
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/0lVezUSc18Ld8MRNMWMWxxH2Wa2qnfFuxQPp6UZl.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамп 8 тамызда Ақ үйде Әзербайжан басшысын және Армения премьер-министрін "тарихи бейбітшілік саммиті" аясында қабылдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.

Трамптың айтуынша, бұл тарихи саммит екі ел арасындағы көпжылдық қақтығысқа нүкте қоюы тиіс.

Вашингтон сондай-ақ "Оңтүстік Кавказдың әлеуетін ашуға көмектесетін" экономикалық мүмкіндіктерді бірлесіп пайдалану үшін екі елмен екіжақты келісімдерге қол қояды.

2025 жылғы наурызда Баку мен Ереван бейбітшілік келісіміне қол қою туралы уағдаласты. Алайда ол бірнеше ай бойы қол қойылмай тұр.

Пашинян мен Әлиев 10 шілдеде Абу-Дабиде келіссөз өткізді. Кездесу төрт сағаттан астам уақытқа созылды, ол бастапқыда делегациялар деңгейінде өтті, кейін жеке жүздесу форматында жалғасты.

댓글
기타 기사