2025 жылғы 1 тамыздан бастап Қазақстанда сұйытылған мұнай газының (автогаз) бөлшек саудадағы төменгі бағасы қымбаттады. Бұл туралы Энергетика министрлігінің жарлығында айтылды, деп хабардайды “Адырна”.
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов қол қойған құжатқа сәйкес, автогаз бағасы Астана мен Алматы қалалары үшін 9,8%-ға қымбаттап, бір литрі 102 теңгеден 112 теңгеге дейін көтерілді. Шымкент қаласы үшін 13,3%-ға артып, 102 теңге болды. Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстанда автогаздың литрі 85 теңге тұрады. Ең арзан баға Маңғыстау облысында – 72 теңге.
Сонымен бірге Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газының көтерме бағасын да жыл аяғына дейін 15%-ға көтерді. Енді ол 59 722 теңге тұрады.