Илон Маск елдерді Еуроодақтан шығуға шақырды

1885
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/WNnrb3iMvsgu2CkKIQ83mdj9fMtD6PtSZwpoHF4Y.jpg

Америкалық кәсіпкер, миллиардер және X әлеуметтік желісінің иесі Илон Маск Еуропа одағына мүше барлық елдерді ұйымнан шығуға шақырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы РБК-ға сілтеме жасап.

Маск бұл мәлімдемесін X желісіндегі @Mick_O_Keeffe атты қолданушының Ирландияның ЕО-дан шығу қажеттігі туралы жазбасына пікір ретінде қалдырған.

Жазбада автор Еуроодақ соттарының Ирландия билігін босқындарға баспана ұсынуға міндеттеген шешіміне наразылық білдірген. Ирландиялық соттар мұндай міндеттемені жоққа шығарғанымен, ЕО соты оған қарсы үкім шығарған.

«Ирландия Еуроодақтан шығуы керек. Менің ойымша, барлық елдер солай істеуі керек», — деп жазды Маск.

Ол Еуроодақты Еуропадағы демократияны жойып жатыр деп айыптады.

댓글
기타 기사