Бес адам қаза тапты. Нью-Йорк орталығында атыс болды

2220
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/VowTU9sy2jbs8mEMI38jj9wEhlgDxJUayia23gpo.jpg

Нью-Йорк қаласының Манхэттен орталығында орналасқан зәулім ғимаратта атыс болды. Бұл туралы BBC агенттігі жариялады, деп хабарлайды “Адырна”.

Оқиға Парк-авеню даңғылында орналасқан 44 қабатты ғимаратта болған. Ғимаратта Blackstone қаржы компаниясының, АҚШ Ұлттық футбол лигасының (NFL) және басқа да ірі ұйымдардың штаб-пәтерлері орналасқан.

 CBS News телеарнасының мәліметінше, атыс кезінде бір полицей мен оның әріптесі қаза тапқан, ал екі бейбіт тұрғын ауыр жараланған. Ал CNN және Fox News телеарналарының хабарлауынша, кемінде бес адам көз жұмған, олардың арасында шабуылдаушының өзі де бар.

Қаза болғандар санына қатысты полиция мен жергілікті билік әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Нью-Йорк мэрі Эрик Адамс видеоүндеуінде атыс барысында «көптеген адамдар жарақат алды» деп мәлімдеді.

댓글
기타 기사