Қазақстан мұнайын Қара теңіз арқылы экспорттау тоқтатылған жоқ. Бұл туралы Энергетика министрлігі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
“Қазіргі таңда қазақстандық мұнайды Ресей Федерациясының теңіз порттары арқылы тасымалдау тоқтатылған жоқ. Усть-Луга портындағы жағдай бойынша көлік инфрақұрылымы объектісінің қорғанысын арттыру мақсатында қосымша шаралар енгізілді. Осыған байланысты "ҚазТрансОйл" Невская құбыр компаниясымен келіссөздер жүргізіп жатыр", - деп түсіндірді министрлік.
Еске салайық, бұған дейін Reuters агенттігі Ресей билігі енгізген жаңа ережелерге байланысты Қазақстан мұнайын Қара теңіз арқылы экспорттау уақытша тоқтатылғанын жазған еді.