Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Корея Республикасының жаңа президенті Ли Чжэ Мёнмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
«Әңгіме барысында мемлекет басшылары қазақ-корей көпжақты қарым-қатынастарының одан әрі дамуына ниетті екендерін растады. Өнеркәсіп, энергетика, автокөлік жасау, білім беру және медицина салаларындағы қазіргі және келешектегі жобаларды тиімді жүзеге асырудың маңыздылығы атап өтілді», – деп жазды Ақорданың баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, Ли Чжэ Мён Қасым-Жомарт Тоқаевты Оңтүстік Кореяға ресми сапармен келуге шақырды. Қазақстан Президенті бұл шақыртуды қабыл алып, 2026 жылы Сеулде өтетін «Орталық Азия – Корея Республикасы» форумына қатысуға дайын екенін растады.
Айта кетейік, Ли Чжэ Мён 2025 жылдың 4 маусымында Оңтүстік Корея Республикасының президенті атанды.
Бұл елде 2024 жылдың желтоқсанында әскери жағдай енгізіліп, елдің бұрынғы президенті Юн Сок Ёльге импичмент жарияланған еді.