Жағажайдағы жайсыздықтар. Бірқатар шенеунік жауапкершілікке тартылды

838
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/dr1sAMa5X0UFpRKFvNrh5VsdyPc9JptSf8aQFUIG.jpg

Еліміздегі курорттық аймақтарды тексеру нәтижесінде бірқатар жоғары лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы бүгін, 21 шілдеде Үкіметтің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Мемлекет басшысының туристік саланы дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевтың басшылығымен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Оған туризм, спорт, көлік, экология, денсаулық сақтау, су ресурстары сынды бірнеше министрліктің өкілдері кірген.

10–12 шілде күндері жұмыс тобы Алматы, Қарағанды, Жетісу және Абай облыстарында инспекциялық сапар өткізіп, Қапшағай су қоймасы, Алакөл мен Балқаш көлдеріндегі туристік инфрақұрылымның ахуалымен танысты. Туристермен кездесулер барысында сервистің төмен деңгейі, қауіпсіздік талаптарының сақталмауы және санитарлық жағдайдың нашарлығы анық расталды.

Коммуналдық жағажайларда абаттандыру нормаларының бұзылуы, чек бермей жұмыс істейтін кәсіпкерлердің әрекеті, санитарлық талаптардың орындалмауы және қауіпсіздікке қатысты олқылықтар тіркелген.

Тексеру қорытындысы бойынша бірнеше лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды. Атап айтсақ,

Туризм және спорт вице-министрі мен Алматы, Қарағанды, Жетісу және Абай облысы әкімдерінің орынбасарларына қатаң сөгіс жарияланды;

Қонаев, Балқаш қалаларының, Алакөл мен Мақаншы аудандары әкімдері және ауылдық округ әкімдеріне сөгіс берілді;

Кәсіпкерлікке, туризмге, қоршаған ортаны қорғауға, сәулет пен саудаға жауапты облыстық басқармалардың басшыларына жазалау шаралары қолданылды;

Экология және табиғи ресурстар, денсаулық сақтау, қаржы, су ресурстары және ирригация, сауда және интеграция, көлік министрліктерінің аумақтық бөлімшелерінің басшылары жауапкершілікке тартылды.

Үкіметтің мәліметінше, алдағы уақытта туристік инфрақұрылымды дамытудың жол картасыәзірленіп, жүйелі мәселелерді шешудің нақты шаралары айқындалмақ.

댓글
기타 기사