Ұшынған Нетаньяхудың басқа да дерті жарияланды

2554
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/nFIKC9DCmojyppNn6hOhWQaYmXLtkZSYL52OpQbG.jpg

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху гастроэнтеритпен ауырып қалды. Алдағы үш күнде ол үйінде болады. Бұл туралы 20 шілдеде ел үкіметінің кеңсесі айтты, деп хабарлайды  «Адырна» тілшісі.

«Нетаньяху өзін жайсыз сезінгеннен кейін оны Хадасса Эйн-Керем ауруханасының ішкі аурулар бөлімінің меңгерушісі, профессор Алон Хершко қарап шықты. Тексеру нәтижесінде премьер-министрдің бұзылған тағамды қолдану салдарынан ішек қабынуына шалдыққаны анықталды», – делінген хабарламада.

Қосымша тексерулерден кейін дәрігерлер оның жағдайын жақсы деп бағалаған. Қазіргі уақытта ол ем қабылдап жатыр.

«Дәрігерлердің нұсқауы бойынша премьер-министр алдағы үш күнде үйінде демалып, мемлекеттік істерді сол жерден басқаратын болады», – деп толықтырды оның кеңсесі.

Times of Israel басылымының мәліметінше, денсаулық жағдайына байланысты Биньямин Нетаньяху өзіне қатысты істер бойынша сот тыңдауларына қыркүйек айына дейін қатыспайды.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамптың Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуға қатысты істі дереу тоқтатуға шақырғанын жазған едік.

 

 

댓글
기타 기사