Ақтауда балалар 11 қабаттағы балкон қоршауына шығып кеткен

2102
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/OzhSkip5yw6MtHoPEcTKAFPN8b6HDFBZhWGsnhIB.webp

Ақтауда екі бала көпқабатты үйдің 11 қабатындағы балкон қоршауында қауіпті ойын ойнаған. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Видеодан кішкентай қыздардың биік үйдің балконындағы қоршауға отырып алғанын байқауға болады. 

Бұл кадрлар әлеуметтік желіде қызу пікірталас тудырды. Желі қолданушылары ата-аналардың бала қауіпсіздігіне деген салғырттығына алаңдаушылық білдірді. Абырой болғанда, балалар дін аман. Зардап шеккендер жоқ.

Айта кетейік, Маңғыстау облысында кейінгі екі жылда балалардың терезеден құлауына қатысты 13 оқиға тіркелген. Облыстық ТЖД мәліметінше, оның бесеуі 2024 жылы, ал сегізі биыл маусым айына дейін болған. Жазатайым оқиғалар былтырғымен салыстырғанда 60 пайызға көбейіп отыр.

댓글
기타 기사