Аса ірі көлемде қаражат жымқырған. Бұрынғы әскери қолбасшы ұсталды

1098
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/8K2kdowyTL1gjiUAaLNMEYk5Kb9wA87DcDblnarR.jpg

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің бұрынғы командиріне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатқанын айтты. Бұл туралы Антикордың ресми өкілі Данияр Биғайдаров мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.

Оның айтуынша, экс-командир бір кәсіпкердің сеніміне кіріп, оның қаражатын иемденген деген күдікке ілінген.

«Бұрынғы командир кәсіпкердің сенімін теріс пайдаланып, жоғары әскери шеннің беделін алға тарта отырып, аса ірі көлемдегі қаражатты иемденді деген күдікке ілінді. Ол бұл әрекетін Қазақстан аумағында жүзеге асырылатын әлеуметтік жобаларға инвестиция тарту арқылы жоғары табыс әкелетін ұсыныс ретінде көрсеткен. Жобаларға министрлік пен шетелдік серіктестердің қолдауы бар деген желеу айтқан», — деді Биғайдаров.

Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды. Оның осындай өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

댓글
기타 기사