Ресей Арменияны әлі де ҰҚШҰ мүшесі ретінде мойындайтынын айтты

1428
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/UvVVIcwxuZjiPH7gIjVHSbATJNMpF8q43jHb7aEz.webp

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Мәскеу Арменияны Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының мүшесі ретінде бұрынғыдай мойындайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оның айтуынша, ҰҚШҰ-ға қатысу — бұл Ереванның дербес шешімі, алайда елдің ұйымнан шығуы туралы сөз қозғалмаған.

«Біз Армения ұйымнан шыққан жоқ деген ұстанымдамыз. Ал қатысуды тоқтату немесе қайта бастау мәселесі бойынша Ереван қабылдайтын шешімдерге сүйенеміз», — деді Песков Армения Сыртқы істер министрінің орынбасары Ваан Костанянның мәлімдемесіне пікір білдіре отырып.

Бұған дейін Костанян Армения ҰҚШҰ-ға мүшелік туралы соңғы шешімін жариялайтынын мәлімдеген еді.

Дмитрий Песковтың айтуынша, ҰҚШҰ Арменияға «айқын пайда» әкеліп отыр және бұл ұйым өзінің тиімділігін бірнеше рет дәлелдеген. Ол мұндай форматтағы ынтымақтастық мүше мемлекеттердің мүдделеріне сай келеді деп атап өтті.

Еске салайық, Армения премьер-министрі Никол Пашинян 2024 жылдың ақпанында елдің ұйымдағы мүшелігін уақытша тоқтатқанын жариялаған еді. Ал мамыр айында Армения Сыртқы істер министрлігі Ереванның ҰҚШҰ жұмысына қаржылық үлесін тоқтататынын растады. Бұл шешімді армян билігі Қарабақ соғысы кезінде ұйым тарапынан тиісті жауап болмағанымен түсіндірді.

댓글
기타 기사