Астанада LRT вагондарын бояп, сыртын бүлдіріп кеткен

1191
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/y15I1hkFUooxCcur8aW8dBoB9GxZlwpafWyFIrOR.jpg

Астанада Назарбаев әуежайы станциясында тұрған LRT вагондарының сыртына белгісіз біреулер граффити салып кеткен. Бұл оқиға әлеуметтік желіде жарияланған суреттер арқылы белгілі болды, деп хабарлайды “Адырна”.

Бұл ақпаратты жолаушылар тасымалымен айналысатын City Transportation System компаниясы растады.

«Вагондардың сыртына рұқсатсыз граффити салынғаны тіркелді. Бұл туралы ақпарат құқық қорғау органдарына берілді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады компания өкілдері.

Компания мәліметінше, вагондардың сырты арнайы қорғаныс қабатымен жабылған, бұл қабат бояудың негізгі бояу-жабын қабатына сіңуіне жол бермейді.

Қазір граффитиді вагондардың бетінен өшіру жұмысы жүріп жатыр.

Еске салсақ, 9 маусым күні Астанаға Қытайдан LRT жеңіл рельсті көлігінің алғашқы екі құрамы жеткізілген болатын.

댓글
기타 기사