Қазақтың ұлттық тағамы десе ойымызға бірден ет келеді. Қазақстанға келген шетелдіктер де бұл асты "бешбармақ" деп біледі. Өйткені біз етті "қасқырдан кейін ең көп жейтін елміз" немесе өзіміз солай ойлаймыз... Алайда бүгінде көптеген тағам түрі айтылмайды, тіпті ұмытылуға жақын. Осыған байланысты Tengrinews.kz тілшісі этнограф Дүйсембек Қатранұлынан қазақтың ұмытыла бастаған кейбір ұлттық тағамдары және ертедегі тамақтану әдеті жайлы сұрап білді. Қатранұлының айтуынша, бұл ұлттық тағамдар жалпы қолданыста болмаса да, әлі де дайындалады.
"Бар, әлі де жасалады, тек бірлі-жарым ғана. Қонақ келгенде осындай сыйлы аспен күтетін отбасылар бар. Табиғатқа шыққанда өзімнің де ет қорықтық жасайтыным бар. Ұмыт болған жоқ, ал күнделікті қолданыстан шыға бастауы біріншіден ет қымбат, екіншіден қазақтың ұлттық тағамдары порцияға бөлгенге келмейді ғой, бес-алты адамның алдына қойылатын ас. Сондықтан асханаларда көкөніс қосып беретін тағамдар көбірек. Ал асылған ет жеңіл дайындалатындықтан көп қолданылып жүр, суға асасың - болды. Мәселен қарын бөртпе сияқты тағамдарды етті турап, қарынға салып, оның жан-жағын байлау қажет болады, жұмысы көптеу", - дейді Досымбек Қатранұлы.
Осы ретте мұндай құнарлы тағамдарды жеу қаншалықты пайдалы және қаншалықты зиян болған деген орынды сұрақ туады. Бұған этнограф ғалым асқазаныңның төрттен екі бөлігін қоюмен, бір бөлігін сұйықпен, ал қалған бір бөлігін бос қалдыр деген тәмсілдің қазақта баяғыдан барын айтады.
Этнографтың айтып отырған қарын бөртпесі осы. © recipecooking.biz
Жент. © Vkusnota.kz
Ірімшік. © jas.kz
"Қазақ дақылды көбіне қуырып жеген. Өйткені оны ұн қылып тартуға диірмен керек. Сондықтан бауырсақты қолы жеткен адам жеген, жалпы бауырсақ мерекелерде жасалатын ас болуының себебі де сол. Жалпы нанды біз ХХ ғасыр басынан бері қолдана бастадық қой. Отырықшы халықтардың ықпалымен", - дейді ол.
Осы ретте мұндай құнарлы тағамдарды жеу қаншалықты пайдалы және қаншалықты зиян болған деген орынды сұрақ туады. Бұған этнограф ғалым асқазаныңның төрттен екі бөлігін қоюмен, бір бөлігін сұйықпен, ал қалған бір бөлігін бос қалдыр деген тәмсілдің қазақта баяғыдан барын айтады.
Бас қарын деп аталатын тағам. © theopenasia.net
Ет қорықтықтың дайындалуы. © eastasy.com
Tengrinews.kz