Коронавирус деген қызыл оттың бір ұшқыны білім саласына да кеселін тигізді. "Үйде болыңдар!",- деп үн қатқан соң, шәкірт біткен үйіне қайтты. Дегенмен, білім алуды жалғастыру басты парызы екенін ұмытпады. "Қашықтықтан оқыту үдерісіне көшеміз"- деген ұсыныс айтты Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов. Карантин уақытында бұл оң, әрі тиімді шешім болды. Ұстаздар шәкіртін білім нәрімен сусындатуын жалғастырды, ал шәкірт білім алуын жалғастырып, санасын жетілдірді. "Оқу- инемен құдық қазғандай",- дейді. Білімнің басы бейнет болса да, айағы зейнет, қашықтықтан білім алу осындай қиын-қыстау кездегі оңтайлы шешім деп білемін. 21 ғасырдың талабына сай озық технологиялардың пайдасы осынау ауыр шаққа, білімнің тұралап қалуына жол бермеді. Бұл карантин білім саласының кез келген жағдайға дайын екенін көрсетіп берді. Қорытындылай келе "Білім алу үшін кез-келген әдіс тиімді". Осынау қиындыққа толы өтпелі кезеңді де білімнің туын құлатпай еңсерейік!
Әл-фараби ат. ҚазҰУ оқытушысы:А.С.Аушенова "Адырна" ұлттық порталы