Обратная связь
+7 707 676 6977
adyrnaportal@gmail.com

Садриддин Ахмедовтің жекпе-жегі кейінге қалды

4761
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/02/200065_b879b5519ecfab693ed826d758b370d8.jpg
Бірінші орта салмақта WBC Азия және WBC Youth World белбеулерінің иегері қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедовтің (11-0, 10 КО) кезекті жекпе-жегі кейінге шегерілді. Бұл жайында Prosports.kz хабарлады. Бұл туралы боксшы Instagram желісінде хабарлады. «Қазақ сарбазының» 12 наурыз күні Монреальда (Канада) өтеді деп жоспарланған жекпе-жегі кейінге қалдырылды. Бұған спортшының жарақат алып қалуы себеп болған. - Өкіншіке орай 12 наурызға жоспарланған жекпе-жек кішігірім жарақатыма байланысты кейінге шегерілді. Алла қаласа кездесуді келесі айға жоспарлауымыз мүмкін, - деп жазды боксшы.
Айта кетейік, Садриддин Ахмедов соңғы жекпе-жегінде аргентиналық Хосе Антонио Вильялобосты (12-6-2, 7 КО) 7-раундта нокаутпен жеңген болатын.
Комментарии
Другие материалы