Мерейтой қарсаңында. Егеухан Мұқамәдиқызының қос кітабы жарыққа шықты

1664
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/06/whatsapp-image-2025-06-07-at-21.21.42-960x500.jpeg?token=7adf27beb4bed7c46624ba6f0ac7c541

Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада белгілі ақын, айтыскер, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, «Алтын алқалы» ардақты ана Егеухан Мұқамәдиқызының 85 жылдық мерейтойына арналған іс-шара өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Мерейтой аясында ақынның қос бірдей кітабы – «Жүрекжарды» мен «Күдер жон, күрең белдерде» жинақтарының тұсаукесері ұйымдастырылды.

Іс-шараны ҚР Мәжілісінің депутаты, ақын Жанарбек Әшімжан жүргізді. Салтанатты жиынға Алтыншаш Жағанова, Ұлықбек Есдәулет, Ғалым Жайлыбай, Серікзат Дүйсенғазы, Шерубай Құрманбайұлы, Күләш Ахметова мен өзге де ақын-жазушылар, журналистер қатысты.

«Аманат» партиясы атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек, Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен және тілдерді дамыту және мұрағат басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп қала әкімі Жеңіс Қасымбектің арнайы құттықтау хатын табыстады.

Сонымен қатар, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мен мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жолдаған құттықтау хаттар да жиналған жұртшылыққа оқылды.

«Жүрекжарды» жинағы Рақымғали Абрарұлы басқаратын «Атамұра» баспасынан жарық көрді. Іс-шараға Алматы қаласынан арнайы барған «Атамұра» корпорациясының вице-президенті Рахима Абрарқызына шапан жабылды.

Егеухан Мұқамәдиқызы — айтыс арқылы танылып, жазба поэзияда да өзіндік өрнек салған қаламгер. Ол – Қазақстан мен Моңғолия Жазушылар одағының мүшесі. Сонымен қатар, он бала тәрбиелеп өсірген алтын құрсақ ана.

Возможно, это изображение 14 человек и текст

Комментарии
Другие материалы