1 адам қаза тауып, 69 адам жарақат алды. Түркияда жер сілкінді

1745
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/06/474aa241-962a-4dd8-9413-8fc5bf6c54cb-960x500.jpeg?token=76748e823023c63165bea2119bd5cf73

Түркияда Эгей теңізінде қуатты жер сілкінісі болды. Магнитудасы – 5,8 балл. Бұл туралы TRT Haber басылымы жазды, деп хабарлайды “Адырна”. 

Жерасты дүмпуі Түркияның Мармарис қаласына жақын орналасқан Мұғла аймағында қатты сезілді.

Түркияның ТЖ басқармасының (AFAD) мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі – Жерорта теңізі. Тереңдігі – 67,91 км, ал ең жақын құрлық – Мармариске қарасты Мұғла ауданы (10,43 км).

Жер сілкінісі салдарынан 1 адам қаза тауып, 69 адам түрлі жарақат алды. Жергілікті тұрғындар қауіпсіздік мақсатында ашық алаңдарға – саябақтар мен бақтарға шықты.

Мұғла губернаторы Идрис Акбиіктің айтуынша, жер сілкінісі қала өміріне айтарлықтай әсер еткен жоқ. Энергиямен, газбен, ауыз сумен қамтамасыз ету жүйелері мен кәріз жүйесі қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр. Тұрғын үй секторында да бұзылулар тіркелмеген.

Қазіргі уақытта далалық жұмыстар жалғасып жатыр. Құтқарушылар мен техникалық мамандар тұрғын үйлер мен инфрақұрылымдарды тексеріп жатыр.

Комментарии
Другие материалы