Air Astana бала өліміне байланысты сотта жауапқа тартылды

1204
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/09/astana1533013208_pogudxqvqfpvn902s.b024a5bf-960x500.jpg?token=c43a8a8b8951b0cef119c6f9e318bd4d

Алматы қаласының Түрксіб аудандық соты ұшудан кейін көз жұмған баланың ісі бойынша Air Astana компаниясына қатысты шешім шығарды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.

Оқиға 2019 жылы туған ауыр хәлдегі баланың Алматыға ұшып келуімен байланысты. Бала кома жағдайында болған. Бірақ ұшақ қонған соң әуежай қызметкерлері медициналық талаптарға сай келмейтін мүгедектер арбасын ұсынған.

Алдын ала келісілген жедел жәрдем көлігі (реанимобиль) мен дәрігер әуежай аумағына кіргізілмеген. Соның салдарынан бала арнайы көлікпен емес, мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған амбулифт арқылы тасымалданған.

Сот дерегінше, бұл – медициналық көмек көрсету ережелерінің бұзылуы. Сонымен қатар, шекара бақылауы кезінде кератитпен ауырған баланың көзіндегі таңғыштар мәжбүрлі түрде шешілген. Осыдан кейін оның жағдайы нашарлап, келесі күні ауруханаға жатқызылып, біраз уақыттан кейін қайтыс болған.

Сот Air Astana компаниясының тиісті шара қабылдамағанын, әуежай қызметтерімен дұрыс үйлестіру болмағанын атап өтті. Нәтижесінде, компания моралдық шығын ретінде 5 миллион теңге төлеуге міндеттелді.

Шешім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Комментарии
Другие материалы