Қашан күніміз күлімдеп шығар екен?

3325
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/03/foto-youtubee-960x500.jpg?token=e0fb860603c746646a86a32e20849638
1980 жылы республика 250 жылдықты тойлап жатты. Қазақстанның "өз еркімен Ресейге қосылуының" мерейтойы. Алматыға Брежнев келді. Күн тоқтаусыз селдетіп жауды. Батыр Баукең көз жұмды. Билік оны айттырмады… Баукең дәл солай тойлағанды қаламады. Өйткені, Қазақстан өз қалауымен орыстардың қолтығына кірген жоқ деді. Кеше жеңіс күні адуын ақын, мінезді ақын ағамыз Темірхан Медетбек өмірден озды. Ол кісі де орыстың озбырлығын, нысапсыз биліктің қазақ халқына жасаған қасіретіне күйінумен өтті. Баукең кеткелі қаншама жыл! Қазағымыздың көзі ашылмай келеді. “Өзіміз өлтірмейді” деуші едік… Қашан күніміз күлімдеп шығар екен? Аруақты аталар мен ағалар, рухтарыңызбен дем беріңіздерші!  

Талғат Айтбай

   
Комментарии
Другие материалы