Шерзат ісі. Адвокаттар прокурор Дана Сәрсенбайды ауыстыруды талап етті

2131
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/fe5d30d3-d756-48fa-9aea-8ea6c59705a8-960x500.jpeg?token=3be97cabd93ccb7adee0f8c89be93964

Шерзат Полат ісінде сотталушылардың қорғаушылары прокурор Дана Сәрсенбайды істен шеттетуді сұрап, сотқа өтінішхат түсірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Олар жауап алу барысында прокурор айыпталушыға қысым жасады деп есептейді.

”Өздеріңіз көріп отырсыздар, прокурор сұрақты бұрмалап қойып отыр. Прокурор айыпталушыға қысым жасап отыр”, – деді Дархан Әскентайдың адвокаты Ержанов.

Өзге сотталушылардың қорғаушылары да бұл өтінішхатты қолдады. Олар прокурордың істі бейтарап қарайтынына күмән келтіріп, оған сенімсіздік білдіретіндерін айтты.

Мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай өткен сот отырысында айтқан «біз жәбірленуші жақпен бір жақпыз» деген сөзін алға тартып, істі обьективті қарауға кедергі жасайтынын мәлімдеді. Адвокаттардың сөзінше бұл мемлекеттік айыптаушы айтатын сөз емес. «Прокурор Сәрсенбай бізге мысқылдап отыр, іштей сөйлеп отыр. Мысқылдамасын, біздің де жағдайымыз оңай емес», — деді айыпталушы Дархан Әскентайдың әпкесі. Сот отырысында прокурор Дана Сәрсенбай қорғаушылардың өзіне қатысты айтқан сөзге қатысты пікір білдірді. «Менің эмоциялық жағдайым туралы айтып жатыр. Бірақ олар оны қайдан біледі? Мен онымен бірге тұрмаймын ғой», – деді прокурор. Сондай-ақ, Сәрсенбай жәбірленуші тарап емес, айыптау тарабының өкілі екенін атап өтті. «Мен жәбірленуші жақпен емес, айыптаушы жақпен бірге екенімді айттым. Шатастырмаңыздар», – деп атап өтті ол.

Прокурор сотталушылар адвокаттардың пікірімен келіспеді. Ол өтінішхат негізсіз деп атады. Жәбірленуші өкілдері соттан айыпталушы тарап қорғаушыларының өтінішін қанағаттандырудан бас тартуды сұрады. Сот шешім шығару үшін кеңесу бөлмесіне үзіліске шықты. 

Комментарии
Другие материалы