Жылдық инфляциядағы рекорд. Азық-түлік пен қызмет бағасы шарықтап барады

2031
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/08/izobrazhenie_2023-08-31_183127442-960x500.png?token=feb80ddbd22d4d29bd2be09886d73162
Қазақстанда инфляция қарқыны артып келеді. Ұлттық банктің мәліметінше, 2025 жылғы наурызда елдегі жылдық инфляция деңгейі 10%-ға жеткен, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Елдің 20 өңірінің 16-сында инфляция үдей түскен. Ең жоғары көрсеткіш Астана қаласында тіркелді — 13,3%. Азық-түлік бағасы бір айда 1,1%-ға өсіп, жылдық көрсеткіш 6,5%-дан 7,6%-ға дейін көтерілген. Әсіресе, Ақмола облысында жағдай күрделі — мұнда азық-түлік бағасы бір жылда 10,6%-ға қымбаттаған. Ақылы қызметтер бойынша бір айдағы өсім небәрі 0,2% болса да, жылдық инфляция 14,3%-ға жеткен. Батыс Қазақстан облысында қызмет құнының өсуі 19,1%-ды көрсетіп, ел бойынша ең жоғары деңгейде тұр. Жалпы алғанда, елімізде 2025 жылғы наурызда айлық инфляция 1,3%-ды құрады. Сарапшылар жыл соңына дейін инфляция деңгейі 10,6%-ға дейін жетуі мүмкін екенін болжап отыр.
Комментарии
Другие материалы