Қарыз үшін зорлаған. Қостанай облысында блогер ұсталды

1359
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/04/image-8-960x500.jpg?token=b19b2ce87fdce5c2248fe2936f63c359
Арқалық қаласында 35 жастағы блогер ретінде белгілі азамат зорлау фактісі бойынша ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  «Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті кейбір жәбірленушілерге қарызға ақша берген. Қарызын қайтара алмаған жағдайда, олардан интимдік қатынас талап еткен. Жәбірленушілер бұған келіспеген кезде, ол әйелдермен еркінен тыс жыныстық қатынасқа түскен», – делінген полиция мәлімдемесінде. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жәбірленушілер арасында кәмелетке толмағандар жоқ. Бірнеше арыз түскен соң, бұл әрекеттер жүйелі сипатқа ие екені белгілі болған. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, блогер арнайы жасақтың көмегімен ұсталды. Қазіргі уақытта ол сот санкциясымен қамауға алынған. Күдіктіге 9 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.  
Комментарии
Другие материалы