Семейде жасөспірімдер қатарласын ұрған. Ата-ана қамауға алынды

2207
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/7fbdc810d7cd0bd3c46a3f61d576498475a3bf77-960x500.jpg?token=db95af414526e0ac6ab7f98b17c6c0df

Семейде қатарласын ұрған жасөспірімдердің ата-анасына қатысты сот үкімі шықты. Сот қаулысымен бір ата-ана 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды, деп хабарлайды “Адырна”.

Абай облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Семей қаласында оқушыны соққыға жыққан жасөспірімдердің ата-аналарына қатысты әкімшілік істерді қарады.

Сот оларды балаларды тәрбиелеу жөніндегі ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін кінәлі деп танып, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің (ҚР ӘҚБтК) 127-бабына сәйкес тиісті әкімшілік жазалар тағайындады.

Сот қаулысымен бір ата-ана 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Қалған жасөспірімдердің ата-аналарына 78 640 теңгеден айыппұл салынды. 

Комментарии
Другие материалы