"Кейбір министрлерді ұрғым келеді". Тшанов кей заңдарды шығарғандарды соққыға жыққысы келетінін айтты

1876
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/02/b1a2f14d-5fb8-497a-bd2c-ea8200f0b548.jpeg

Қоғам қайраткері Амалбек Тшанов қоғамдық талқылауда жүрген заңдарды шығарған министрлерді соққының астына алғысы келетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол Sadaq Media You Tube арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық  порталы.

Амалбек Тшанов өз сөзінде көлікті 5 минут қыздыратын, сағат 4-те қап-қараңғы уақытты белгілеп берген министрлерді ұрғысы келетінін айтты.

«Мен қызметте жүргенде әртүрлі жағдайлар болды. Менің бокспен айналысқанымды бәрі біледі. Әкімдерді ұрады екен деген әңгіме шығып кеткен. Жұмыста қаталдық көрсете біліп, айтқан сөзіңе сай болып, тәртіпті өзіңнен бастау керек. Қазір кейбір министрлерді жақсылап соққым келеді. Көлікті 5 минут қыздыратын, сағат 4-те қап-қараңғы уақытты белгілеп берген министрлерді ұрғым келеді. Біз 80-нен астық, қызмет істедік біраз нәрсені білетін шығармыз десек, біз білмейтін дүниелер көп екен. Жастар адамның ұғымына кірмейтін дүниелерді ойлап тауып жатыр. Заманға лайықты шығар», — дейді ол.

Сондай-ақ, саясаткер сұхбат барысында діндарларды да сынады.

«Діндарлар саған оқудың, білім алудың қажеті жоқ деп жүр. Қандай да бір дастархан басында отырсаң, сені анау күтіп тұр, мынау күтіп тұр деп қорқыта береді. Айтатындары тек ғана жұмақ. Жақсы жүрсең, жұмақтың қыздары бар, шарап ішесің дейді. Молдалардың бәрін бір кемеге салып, жұмаққа жіберу керек. Бұл не масқара енді? Егер дін таза болса, рухымызды көтереді. Бізде муфтилар болды, солардың ішіндегі сауаттысы, жайдарысы — Ратбек қажы. Ол кісінің алдында басымды иемін. Қаншалықты жұпыны әрі білімді адам. Сол кісіні сыйдырмадық қой біз. Ішеді дедік, депутат кезінде қолын сындырды. Одан кейінгі муфтилардың тұрған үйін көріңізші. Ондай тұрмыс біздің түсімізге кірмейді. Мүфтилар барып мешіт ашқанына 5000-10 000 доллар алады. Ол Құдайдың үйін ашып жатқан жоқ па? Сонда олар Құдайдан пара алып жатыр ма? Не күтеміз осыдан кейін? Қандай дін?», — дейді Амалбек Тшанов.

Комментарии
Другие материалы